Қарағанды облысының миллионнан астам тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының 1,1 миллионнан астам тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» деген мәртебеге ие. Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы өңірде медициналық сақтандыруды жүзеге асырудың бірінші жылының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 1 144 663 тұрғын медициналық сақтандыру пакетінен қызметтерді тегін пайдалана алады, оның ішінде қымбат тұратын тексерулерден және емдеуден өте алады. 732 мың тұрғын жарналарды төлеуден босатылған және мемлекет сақтандырған 15 санатқа жатады - бұл балалар, тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, жұмыс істемейтін этникалық қазақтар-репатрианттар, мүгедектер, студенттер және басқалар. 127 мыңнан астамы - БЖТ төлеушілер. Азаматтардың 16% (284 мың) МӘМС жүйесінде мәртебесі жоқ.

«Талдау көрсеткендей, бүгінгі күні азаматтардың мәртебесінің болмауының негізгі себебі-бұл МӘМС үшін аударымдар мен жарналардың тұрақсыздығы. Осыған байланысты МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді тұрақты түрде бақылап отыру қажет, төлемдер бойынша берешек анықталған жағдайда оны өтеу немесе осы мәселемен жұмыс берушіге жүгіну қажет», - деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Мәртебенің болмауының екінші себебі - кәсіпкерлердің өз қызметкерлері туралы мәліметтерді уақтылы бермеуі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдардан ШОБ-тың 29 санаты босатылды. Жарналар мен аударымдар түспейтін осы бизнес субъектілерінің қызметкерлері сақтандырылуы үшін кәсіпкерлер қызметкерлер туралы деректерді қор базасына msb.fms.kz электрондық ресурсы арқылы беруі керек.


Соңғы жаңалықтар