Қарағанды облысының металлургтері елордаға «Нұр-Сұлтан» атауын беруді қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының металлургтері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегіне алғыстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды облысының металлургтері Сіздің Президенттік өкілеттігіңізді тоқтату туралы шешіміңізді үлкен мұңмен қабылдадық. Бізге осы шешіміңіз оңай соқпады. Себебі біздің атақты металлургиялық комбинаттың барша тарихы, сондай-ақ Теміртау қаласының тарихы тікелей Сізбен байланысты. Сіз секілді металлургтерді басқа ешкім түсіне алмайды. Әлемдік деңгейдегі Көшбасшы жолыңызды біздің комбинаттан бастағаныңыз біздің есімізде. Осында Сіз домна пешінің алдында тұрып, еңбек еттіңіз. Осы жерде Сіздің жастық шағыңыз өтті», - делінген металлургтер хатында.

Осы орайда қарағандылықтар Елбасы әлемдік деңгейдегі саясат қайраткері атанған кезде де Теміртауды қолдауға уақыт пен мүмкіндік тапқанын атап өтті.

«Өткен жылы да бізге қолдау жасадыңыз. Біздің отбасымыз үшін өте маңызды мәселеге шешім қабылдадыңыз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша осы жердегі ЖЭО жаңғыртылып жатыр, бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы орайда шексіз алғысымызды айтамыз», - дейді металлургтер ұжымы.

Сонымен қатар олар Елбасының президенттік өкілеттігін тоқтату шешімі тосын жағдай болғанын айтуда.

«Біздің комбинатқа, қаламызға, елімізге, сондай-ақ барша әлем үшін жасаған еңбегіңіз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз. Металлургтер әрқашан да Сізбен бірге екенін біліп жүріңіз! Біз баршамыз бір адамдай елордаға «Нұр-Сұлтан» атауын беру бастамасын қолдадық», - деп жазды Қарағанды облысының металлургтері.

Соңғы жаңалықтар