+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қарағанды облысының медициналық ұйымдары QR-кодтармен белгіленді

2020 жылғы 25 ақпан 02:27
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының медициналық ұйымдары QR-кодтармен белгіленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының медициналық ұйымдары QR-кодтармен белгіленді. Коды бар стикерлер тек сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан емханаларда, орталықтарда және ауруханаларда пайда болды. Демек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызметтер көрсететін мекемелерде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында мұндай ұйымдар 120-дан асады. QR-кодтарды тіркеу орындарының жанында және қабылдағыштардан табуға болады. Бұл кодты ұялы телефон арқылы сканерлегенде бірден медициналық сақтандыру қорының сайтына өтуге болады.

«QR-кодтардың арқасында азаматтар әртүрлі байланыс арналарына жылдам қатынау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру, қолжетімді қызметтер мен өз құқықтары туралы қажетті ақпарат алу үшін Telegram және What'sApp - боттарымен байланыса алады», - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыс істейді. 31 наурызға дейін барлық азаматтар әлі сақтандырылмаған мәртебесінде де медициналық сақтандыру пакетінің қызметін ала алады. Бұл кезең пациенттер жүйенің ерекшеліктеріне үйреніп, онда өздерін сәйкестендіруі, емханаға бекітілуі үшін беріледі. Стикерлер туындаған сұрақтарға жауап алу үшін мамандармен тез байланысуға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT