Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің 72% жылыту маусымына дайын

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің 72% жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі ауруханалар мен емханаларының жартысынан көбі 100% қысқы маусымға дайындық туралы актілерді алды. Жылу жүйесін қосуға 242 медициналық ұйымның 175-і дайын. Бұл бүгінгі күнге жоспарланған межеден 12% артық.

Қысқы аяздарға дайындығы жағынан Нұра және Шет аудандарының медициналық мекемелері көш бастап тұр. Мұнда денсаулық сақтау саласының 167 нысаны орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 5-і аймақтық қазандықтар арқылы және 65 медициналық ұйым автономды жылу жүйесі немесе өз қазандықтары арқылы жылытылады.

Медициналық мекемелерді жылыту үшін 19,9 мың тонна көмір қажет. Отынды жеткізу бойынша келісімдер жасалып, кестелер бекітілген.

Сонымен қатар биыл Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасында модульді қазандық орнату жоспарланған. Приозерск қаласындағы ауруханада және Шет ауданындағы орталық аудандық ауруханада, Қарқаралы ауданының үш дәрігерлік амбулаторияларында қазандықтар мен қазандық құрылғыларын ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылмақ.

Жылу жүйелерін жуу, қысымын өлшеу және орнату жұмыстары басқа да қалалар мен аудандарда жалғасуда және бұл жұмыстар Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаевтың жеке бақылауында.

«Бізде барлық жұмыстар тізбектелген және де жылу маусымына дайындық жұмыстарына ауруханалар мен емханалардың бірінші жетекшілері жауапты болады», - атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

Соңғы жаңалықтар