Қарағанды облысының құтқарушыларына жаңа техника табыс етілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің автопаркі жаңа техникамен толықтырылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Арнайы көліктер мен құрылғылар құтқару қызметтерінің мобильділігін арттырады деп күтілуде. Құтқарушылардың және гвардияшылардың жұмыс жағдайларымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты.

Облыстық ТЖД қауіпті аймақтан адамдарды көшіруге, өртті сөндіруге арналған вахталық автокөліктер мен техникалар, цистерналар, жолаушылар автобусы және өздігінен жүк төгетін көліктерге ие болды. Сонымен қатар құтқарушылар дала жағдайында жұмыс істеу үшін сыйымды жылы шатырлармен қамтамасыз етілді. Гвардияшылар үшін бес машина: тартқыш, бульдозер, экскаватор және екі вахталық автокөлік сатып алынды. Бұл техника адамдарды құтқару және қалың қар жауып, боран соққанда және су тасқыны кезінде тасымалдау үшін қажет.
Ерлан Қошанов құтқарушылар мен гвардияшыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, су тасқыны кезеңінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

- Биылғы жылы көктемгі су өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға артық болды, су басу қаупі де болды, мұны сіздер жақсы білесіздер. Бірақ сіздердің ерліктеріңіз бен жанқиярлық жұмыстарыңыздың арқасында біз осы сын-қатерлерді сәтті еңсердік. Мен ауыл тұрғындары сізді күтіп, көмекке үміттеніп отырғандарын көрдім. Содан кейін адамдардың сіздерге алғыс білдіріп жатқан сәттеріне де куә болдым, - деді облыс әкімі.

Су тасқыны кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

Жыл соңына дейін ТЖД бөлімшелеріне тағы да бірнеше жол талғамайтын көлік, автоцистерна және вахталық автокөлік сатып алынады деп жоспарлануда. Қазір құтқарушылардың қарамағында 400-ге жуық техника бар.

Соңғы жаңалықтар