Қарағанды облысының құтқарушыларына қызметтік көліктер табыс етілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақтағы құтқарушыларға авариялық-құтқару және жедел-қызметтік техниканың кілтін табыстады, деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Қарағанды облысы Ішкі істер департаментіне қызметтік автокөліктердің кілттерін табысталды.

«2018 және 2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық мемлекеттік мекемелері мен аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы» Жол картасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен 9 техника сатып алынған. Оның ішінде өрт автоцистерналары, жол талғамайтын автокөлік, авто көтергіш және қызметтік автокөлік бар.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы қарағандылық құтқарушылардың техника паркі республика бюджетінен алынған 10 автоцистернамен және автотіркемелі көтергішпен толықты.

«Адамдарды құтқару және қорғау ісінде айтарлықтай тәжірибе жинап, құтқару бөлімшелерінің техникалық жағынан жақсы жарақтандырыла түсті. Бұл іске жергілікті атқарушы органдардың қосып отырған үлесі аз емес», - атап өтті аймақ басшысы.

null

Оның сөзінше, Қазақстандағы тұрақтылық құтқару бөлімшелерін заманауи техникалық ресурстармен қайта жарақтандыруға және кезең-кезеңімен жаңарту бөлігінде техникалық саясатты үйлестіруге көмек берді. Енді бөлімшелер ауыр міндеттерді табысты шешуге көмек беретін заманауи техникамен жабдықталған. Құтқарушылар бейбіт күндері де адамдардың өмірлері мен денсаулығы үшін күреседі.

«Осындай қажетті техниканы біздің кәсіби мерекеміз Құтқарушы күні алдында алғанымызғы қуаныштымыз. Қарағандылық құтқарушылардың күштері бұдан былай да төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталатын болады», - деп атап өтті ТЖД бастығы Күлшімбаев Ибрагим.

null

Соңғы жаңалықтар