Қарағанды облысының құтқарушылары Түркістан облысына көмек көрсетуге аттанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты апат аймағында қалып қойған Түркістан облысының елді мекендеріне көмек көрсету үшін қарағандылық құтқарушылар тобы аттанды. Десант инженерлік, су сорғыш техникамен және жүзу құралдарымен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша Қарағанды облысының ТЖ Департаменті 7 мамырда Түркістан облысына Мақтаарал ауданының елді мекендеріндегі су басу салдарын жою бойынша апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету үшін күштер тобын жасақтады.

Марш басталмас бұрын Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев жеке құраммен нұсқаулық өткізді. Негізгі назар жеке құрамның, техника мен жабдықтардың дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мәселелеріне аударылды.

Қарағанды облысының ТЖД бастығы жеке құрамнан құтқарушыларға жүктелген міндеттерді шешу кезінде барынша төзімділікті көрсетуді талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, қатты жаңбыр мен дауылдан кейін 1 мамыр күні таңертең Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен болатын. Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толып кеткен. Бұл бірнеше елді мекеннің су басуына әкелді.

Соңғы жаңалықтар