Қарағанды облысының қандай ауылдардында биыл жолдар жөнделеді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биыл Қарағанды облысының Нұра ауданындағы сегіз ауылда жолдар жөнделеді. Сонымен қатар су құбыры желілері салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұра ауданында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Егінді, Байтуған, Ахмет, Көбетей, Заречное, Тассуат, Мыңбаев және Алғабас ауылдарының орамішілік жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі. Екі ауылда су құбыры желілері салынады.

«Мемлекет басшысының сапалы халықты ауызсумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы маңызды міндет болып табылады. 2022 жылы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 94,6% құрады. 2025 жылға дейін 98% жеткізу жоспарланып отыр. Биыл Жараспай және Құланөтпес ауылдарында су құбыры желілері салынады. Сондай-ақ Ізенді ауылында су құбыры желілерін салу мәселесі шешілетін болады», - деді Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ол ауданда тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру жалғасатынын атап өтті.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы бойынша Байтуған және Заречное ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын биыл аяқтау жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар