Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары жергілікті өндірушілерді қолдайды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы өңір тауар өндірушілерін қолдауды жалғастырып отыр. Облыс әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» өткен жылы 44 жергілікті компаниямен жұмыс істеді. 2022 жылы олардың саны 56-ға дейін артады.

Компания өңірдің тауар өндірушілерін жалпы сомасы 85 млрд теңгеге тапсырыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артық.

Өз кезегінде «Қазақмыс» ынтымақтасатын облыстағы компаниялар санын 16-дан 21-ге дейін арттырады.

Корпорация жергілікті кәсіпорындардан тауарлар мен қызметтерді 25 млрд теңгеге сатып алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 млрд теңгеге артық.

Әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар аясында отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар