Қарағанды облысының фермерлеріне жем-шөп құнын арзандату үшін субсидия бөлінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында фермерлерге қосымша қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Олардың жем-шөп дайындауға жұмсаған шығындары субсидияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Қуаңшылық жазға байланысты оның салдарын жою үшін малға жем-шөп дайындау мақсатында өңір фермерлері бірнеше рет әкімдікке жүгініп, мемлекеттік қолдау көрсетуді өтінген болатын.

Облыс әкімдігі облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауыл шаруашылығының

ұрғашы малдарына жұмсалатын азық құнын арзандатуға субсидия бөлу туралы шешім

қабылдады», - деп жазды аймақ басшысы.

Субсидиялар жайылымы шөлді табиғи аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілерге арналған. Бұлар - Ұлытау, Шет, Жаңаарқа және Ақтоғай аудандарының шаруашылықтары.

Субсидияларды төлеу қазан айынан басталады. Оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.


Соңғы жаңалықтар