Қарағанды облысының екі тұрғыны азаматтарға лаңкестікті насихаттап, ұйымға тартқаны үшін сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда лаңкестікті насихаттап, азаматтарды ұйымға тартып, діни алауыздықты тудырғаны үшін Теміртаудың екі тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды.

«В. Хадыкин ҚР ҚК 256-бабы, 174-бабы 2-бөлігі, 259-бабы 1, 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылды. Қылмыс жиынтығында оған қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. К. Жұмағалиев ҚР ҚК 256-бабы 2-бөлігі, 174-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған жалпы режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен, мүлкі тәркілене отырып, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан  айыру түрінде жаза кесілді», - делінген үкімде.

Қылмыстық іс материалдарында Теміртау қаласының тұрғыны Хадыкин («Мұстафа» рухани аты) бастапқыда дәстүрлі дінде жүріп, 2013 жылы экстремистік және лаңкестік радикалық ағымына көшеді. Қалалықтар арасында лаңкестік актіні қамтитын видеороликтермен радикалды исламның идеяларын насихаттап, қарулы жиһадқа қатысуға шақырған. Ол Жұмағұловпен бірге әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы видероликтер орналастырған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық сатыда шағымдануға, наразылық білдіруге болады.

Соңғы жаңалықтар