+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Қарағанды облысының Доскей ауылында 39 отбасы баспаналы болды

2021 жылғы 19 қаңтар 21:30
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының Доскей ауылында 39 отбасы баспаналы болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында 39 отбасы қоныс тойын тойлауда. Пәтер кілті кезекте тұрғандарға берілді. Оның арасында жетім балалар мен көпбалалы отбасылар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутат жастарға жалға берілетін пәтер құрылысын қаржыландыруды сұрады «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі көз жұмған отбасына үй берілді

Ауылда бос қалған бірнеше бес қабатты үй бар. Өткен жылы оның біреуі қалпына келтірілді.

Үй коммуналдық меншікке берілді, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша модульдік қазандық салынды.

Енді көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.

Мұнда әрқайсының қуаты 1,5 МВт болатын екі қазандық бар. Бұл бес үйді жылытуға жеткілікті.

Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаевтың айтуынша, уақыт өте келе қираған бес қабатты үйлердің барлығы қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ, барлық үйлер жылытуға қосылуы үшін тағы бір қазандық орнату жоспарлануда.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қазір қалған үйлерге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Биыл үш үйді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Барлық тоғыз үйге абаттандыру, асфальттау және инженерлік коммуникацияларға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейміз. Әр аулада заманауи алаң мен жарық болады», - деді Сапар Сатаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT