Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Гамаль Тоқсамбаев Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалды. Жаңа басшыны өңір әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппарат кеңесінде таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гамаль Тоқсамбаевтың екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Шахтинск ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Содан кейін бірнеше жыл бойы Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігер-хирург болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында бас хирург болды.

Бес жыл бойы «Облыстық медициналық орталық» КМК директорының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар