Қарағанды облысының денсаулық басқармасы мектепті «миналаған» дәрігердің әрекетін түсіндірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы жеке кәсіпкердің пәтеріне қоңырау шалып, Қарағандының Киров секторындағы мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған жедел жәрдем қызметінің дәрігеріне қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, дәрігер мектепке лауазымдық нұсқаулығы шеңберінде қоңырау шалған.

«Сол күні оқу-жаттығулар өткізілді. Полицейлер жедел жәрдем стансысына қоңырау шалып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу шаралары өткізіліп жатқандығы туралы хабарлаған. Болып жатқан жәйтты дұрыс түсінбей, шошып кетпес үшін дәрігер нұсқаулыққа сәйкес, мектеп әкімшілігіне қоңырау шала бастаған», - деп хабарлады Айжан Иса.

Оқулар Киров секторындағы № 3 Октябрь аудандық сотында өтті. Дәрігер мектепке бірнеше мәрте қоңырау шалған, бірақ тұтқаны ешкім көтермеген.

«Мұнда адами фактор болды - дәрігер бір цифрдан шатасып, нөмірді қате терген. Ол өзін таныстырып, лауазымын айтқан және жарылғыш зат туралы жалған хабар туралы жеткізген», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Бірақ тұтқаны көтерген ер адам оны дұрыс түсінбей, дереу полицияға қоңырау шалып, түсініксіз қоңырау туралы хабарлайды.

«Полиция анық-қанығына жетеді деп ойлаймыз. Түсінбестік болды. Себебі телефонмен сөйлесу деректерінде дәрігер өзін таныстырғаны анық естіліп тұр. Сондықтан оның мектепке жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлау мақсаты болмаған», - деп атап өтті ол.

Еске салайық, «102» нөміріне қоңырау шалған ер адам, оның үйдегі стационарлы телефонына белгісіз әйел хабарласып, мектеп ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығын айтқан. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жетті. Ғимараттан 900-ге жуық оқушы мен ұстаздар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылмады. 

Соңғы жаңалықтар