+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағанды облысының дәріханаларына Парацетамол мен антибиотиктер жеткізіле бастады

2020 жылғы 9 шілде 14:09
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының дәріханаларына Парацетамол мен антибиотиктер жеткізіле бастады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ірі фармдистрибьюторы ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттарды дәріханаларға жөнелте бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөлшек сауда жүргізетін дәріханаларға Парацетамол, Ингавирин, Азитромицин және Цефтриаксон жіберілді,

Маусым айында бірнеше күнде дәріхана желісінен қызуды төмендететін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктердің кейбір түрлерінің бір айлық қоры сатып алынған болатын. Айта кету керек, дәрілерді жеткізу қарқыны да еш бәсеңдеген емес.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Денис Шәкенов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров бастаған арнайы мониторинг тобының мүшелері қаладағы дәріханалар мен фармацевтикалық қоймаларда сұранысқа ие дәрілердің бар-жоғын тексерді.

Қазір Парацетамолға деген сұраныс жоғары, ол өте тез сатылып жатыр. Ірі фармацевтикалық қоймада осы таблеткалардың 190 мың қаптамасы болғанына қарамастан, оларды сатылымға жібермеген. Мұндай кідірістің себебін мамандар міндетті сертификаттаудан өту қажеттлігімен түсіндіреді. Осыған дейін мұндай процеске бір ай уақыт қажет болатын. Ал қазір қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінде бұл процедура қарапайымдатылды. Алайда, бюрократиялық талаптардың салдарынан тауарды жедел жөнелту мүмкін болмады.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек дәрі-дәрмектерді жіберу процесін тездетуді тапсырды және бағаны негізсіз қымбаттатпау үшін арнайы органдардан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

«Қазір біз жағдайды, әсіресе бағаны көтеру және қайта сату фактілерін мұқият қадағалайтын боламыз. Ол үшн заңда жауапкершілік көзделген. Ең қатаң шаралар қабылдаймыз», - деді Денис Шакенов.

Логистиканы ескере отырып, облыс дәріханаларына алдағы бірнеше күнде жоғары сұранысқа ие препараттар жеткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT