Қарағанды облысының бірқатар аудан-қалаларында жаңа прокурорлар тағайындалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында ҚР Бас прокурорының бұйрығымен жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлағандай, кадрлық өзгерістер Саран қаласына, Бұқар жырау және Нұра аудандарына және Қарағанды облысының мекемелерінде қылмыстық жазаның орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурада болды.

Саран қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Жанқозы Олжабайұлы Нақышев тағайындалды.

Ол еңбек жолын 2001 жылы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Жезқазған қаласы прокурорының аға көмекшісі, Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Сәтбаев қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.

Бұқар жырау ауданының прокуратурасын аға әділет кеңесшісі Нариман Бекұлы Кервенов басқарды.

Ол еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Абай ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды қаласы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Қаражал қаласының прокуроры, облыс прокуратурасының басқарма бастығы – аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап Қарағанды облысы мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 25 жылдан астам.

Нұра ауданының прокуратурасын аға әділет кеңесшісі Марғұлан Климұлы Қалиақпаров басқарды.

Ол еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысы ішкі істер басқармасының Бұқар жырау ауданының анықтау бөлімінің анықтаушысы міндетін атқарушы лауазымынан бастаған.

Бұқар жырау ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы болып жұмыс істеген, 2006 жылдан бастап Қарағанды облысы прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, содан кейін Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары және бастығы лауазымдарын атқарды.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы Саран қаласының прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 25 жылдан астам.

Қарағанды облысы мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураны әділет кеңесшісі Дәулет Қайырұлы Саттыбаев басқарды.

Дәулет Қайырұлы еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қалалық бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Павлодар облысы прокуратурасының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы, Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар қаласы прокуратурасының Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуроры қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 15 жылдан астам.


Соңғы жаңалықтар