Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында коронавируске қатысты шектеулер алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес барлық білім беру ұйымдарында шектеулер жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, меншіктің барлық нысанындағы және ведомстволық білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіретін іс-шараларды өткізуге қатысты шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар, студенттерге, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациясы жоқ студенттерге жатақханаға орналасуға рұқсат етіледі.

Білім беру ұйымдарында «Ashyq» қосымшасын міндетті пайдалану туралы талап алынып тасталды, бұл ретте жоғарыда көрсетілген шектеулер облыс «қызыл» аймаққа өткен кезде қайта енгізіледі.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар