Қарағанды облысының басшысы рейтингі нашар әкімдермен жеке сөйлесуге уәде етті

None
None
ҚАРҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында алғаш рет бизнесті тиімді жүргізу бойынша аймақтық рейтинг жасалды. Бастапқы нәтижелер бірінші жартыжылдық қорытынды бойынша анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бизнесті тиімді жүргізу бойынша рейтинг жасалды. Егер былтырғы жылы республикалық рейтингке тек 8 қаламыз енсе, биылғы жылдан бастап рейтинг екі номинация бойынша еліміздің 16 өңірі, 214 қаласы мен аудандары арасында анықталады», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Оның сөзінше, бизнес-аймақ үшін жағымды жағдай жасау - біркүндік жұмыс емес. Бұл кәсіпкерлермен өзара байланыс орнатудың барлық бағыттары бойынша тұрақты жұмыс. Менің тапсырмаммен аумақішілік рейтинг жасалды, ол жағдайды бақылап, қажетті шараларды уақытылы қабылдауға көмектеседі.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, рейтингтің міндеті - аймақтың мықты және әлсіз жақтарын анықтау және бизнесті жүргізу үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы мекемелер қызметін бағалау.

Бағалау өлшемдері туралы толығырақ Кәсіпкерлер басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева баяндады.

«Облыстық рейтингке шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштеріне қатысты 9 индикатор енгізілді. Мұнда статистикалық мәліметтермен қоса, Кәсіпкерлер палатасының да мәліметтері енеді. Тек қана сандық факторлар емес, сондай-ақ сапалық: мысалға, бизнес үшін ақпараттық қолжетімділік, жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау, жер аукциондарын өткізу және т.б. есепке алынады.

Кәсіпкерлер арасында сауалнамаларды тәуелсіз сарапшылар өткізеді.

«Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша бизнесті тиімді жүргізу көрсеткіштері бойынша әр әкімнен жеке сұраймын. Сонан соң қорытындылар шығаратын боламыз», - деп ескертті Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі барлық қалалар мен аудандар бойынша бос жер телімдері Картасы және бос ғимараттарды анықтау бойынша жұмыстарды белсендетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар