Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қанат Асқаров Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол жұмыстан өз еркімен кеткен.

«Қанат Қырғызбайұлы Асқаров денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылды», - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Асқаров бұл қызметке 2019 жылдың қараша айында тағайындалған еді. Оған дейін Саран қаласының орталық ауруханасының директоры болған.

Ведомствода бос лауазымға кімнің тағайындалатыны хабарланған жоқ.


Соңғы жаңалықтар