Қарағанды облысының бас полицейі бір айда 4 рет азаматтарды қабылдады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин бір айда 4 рет азаматтарды қабылдады. Ол облыстың 21 тұрғынын жеке өзі қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрландыру заманында кез келген мемлекеттік құрылым басшысының қабылдауына онлайн жазылып, сұрақтар қоюға болады, сондай-ақ өтініштер мен шағымдар Электрондық үкімет порталында беріледі. Полиция департаменті технологиялар әлеміндегі жаңалықтардан қалыс қалып отырған жоқ. Азаматтардың әрбір өтініші мен шағымдары «Азаматтардың өтініштері» электрондық журналында тіркеледі, қабылданады және оларға портал арқылы жауап беріледі. Осыған қарай облыстың бас полицейі полиция департаментінің интернет-блогында сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінде «кері байланыс» құралдарының тиімділігін арттыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасасын қалыптастыру бойынша міндеттер аясында Полиция департаментінің басшылығы күн сайын фронт-кеңселерде қабылдау жүргізеді. Ай сайын қала тұрғындары мен қонақтарын «Жолдағы қабылдау» акциясына қатысуға шақырады. Азаматтардың бұл жұмыс түрлері халыққа олардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап алуға мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап әдісі бойынша өтініштер әкімшілік полиция желісі бойынша, атап айтқанда әкімшілік айыппұлдар бойынша келіп түседі.

Департамент басшылығы полиция жұмысының ашықтығын, өзінің қамқорлығындағы қызметкерлердің өз міндеттерін сапалы орындау, уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетуі басты назарда екенін атап өтті.

Өткен 2019 жылдың қорытындысы бойынша полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин 43 азаматты қабылдап, 109 облыс тұрғынын қабылдаған. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне 20 азамат, жергілікті полиция қызметі бойынша - 6, сотқа дейінгі іс жүргізу мәселелері бойынша-67 адам өтініш немесе шағым айтқан, қалған 15 азамат түрлі сұрақтар бойынша жүгінгін. Азаматтардың 19 өтініші бойынша жеке қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді.

«Жыл басынан бері азаматтарды 4 рет қабылдап, 21 облыс тұрғыны өтінішімен келді. Оның ішінде сотқа дейінгі өндіріс мәселелері бойынша - 16, ЖПҚ желісі бойынша - 3, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша - 2 адам келді. Сотқа дейінгі іс жүргізу өтініштерінің басым бөлігі тергеу бөлімшелерінің жұмысына қатысты болды», - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Әрбір қаралған арыз немесе өтініш бойынша полиция департаментінің бастығы нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ ол көтерілген мәселелерді шешу барысы жеке бақылауға алынғанын айтты.

Алдағы уақытта да азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін облыс полиция басшылығы азаматтарды қабылдауды жалғастырады, халықпен кездесулер өткізеді.



Соңғы жаңалықтар