Қарағанды облысының Балқаш көлінде балықшы құтқарылды (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Балқаш көлінде құтқарушылар катері сынып қалған балықшыға көмекке келді. Бұл туралы аймақтың ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

17 қараша күні таңғы сағат 05:00 шамасында Приозерск қаласының 22 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы оның досы хабарлады. Бір күн бұрын күндіз балық аулауға шыққан жігіт үйіне оралмаған.

«17 қарашаның таңында ТЖ бөлімі мен Қарағанды облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының іздеу тобының 5 адамнан құрылған қызметкерлері жігіт балық аулаған «Қарлығаштың ұясы» ауданында «Винбод» катерімен іздеу жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде сағат 09:25-те істен шыққан «Прогресс-4» катеріне мінген жоғалған балықшы табылды», - делінген хабарламада.

Балықшы медициналық көмекті қажетсінген жоқ.

Соңғы жаңалықтар