Қарағанды облысының автобус паркі 2022 жылға дейін 50 пайыз жаңармақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының автобус паркін 2022 жылға дейін 50%-ға жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде қоғамдық көлікті жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама басталды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аскербек Халтонов Instagram-дағы тікелей эфирде қанша жаңа автобус облыс қалаларында қатынасатыны және қанша автобус сатып алу жоспарланатыны туралы баяндады.

Өңір автопаркінде барлығы 1 664 автобус бар. Олардың 900 астамы 7 жылдан астам қолданылуда. Жағдайды 2022 жылға дейін түзеу керек – автобус паркін 50%-ға жаңарту жоспарлануда.

«Біз 105 автобус сатып алдық. Оларды Қарағанды және Теміртау адамдары қолдануда. Әлі 275 сатып алатын боламыз: Қарағанды үшін - 200 және Теміртау үшін - 75. Олардың көп бөлігінің асты төмен. Бұл мүмкіндіктері шектеулі қалалықтарымыздың қолайлылығы үшін қажет», - деп мәлімдеді, басқарма басшысы.

Аскербек Халтонов сонымен бірге өңірдегі жолдарды жөндеу жоспары туралы тоқталды.

Осы жылы 1 200 км ретке келтіріледі. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізіледі, оларды осы жылдың соңына дейін аяқтайды. Кейбір нысандар ішінара тапсырылады. Мәселен, осы жылы мердігер масштабты қайта құрылымдау жүріп жатқан Магнитогорск көшесінің бөліктері бойынша жолды ашуды жоспарлап отыр. Күн салқындағанға дейін жөндеу 14 мөлтек ауданынан Жаңа Майқұдық МС дейінгі учаскеде аяқталады деп болжамдануда. Қазір мұнда асфальттың бірінші қабаты төселді.

Жұмыстар облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарда да жалғасуда. Қарағанды – Балқаш жолдарының учаскелері ретке келтіріліп жатыр. Солтүстік-Шығыс айналма жолында қоршау және жарық орнату бойынша жұмыстар жалғасуда.

Аскербек Халтонов облыстағы жол жөндеуі – аса маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Жуыр жылдары тек орталық көшелер ғана емес, сонымен бірге қаланың шалғай аудандарындағы аулалар мен жеке секторлар ішіндегі өтетін жолдар ретке келтіріледі.


Соңғы жаңалықтар