Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасын Асқар Санаубаров басқарады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Асқар Санаубаров Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы аппараттық онлайн-кеңесте өңір әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Санаубаровтың екі жоғары білімі бар.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Ботақара кентінің қазынашылық бөлімінде түрлі қызметтер атқарған.

Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімін басқарды.

2011 жылы Абай ауданына ауыстырылды.

Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар