Қарағанды облысының әкімі жол жөндеу бойынша құрылысшыларға нақты міндет жүктеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының Майқұдық шағынауданындағы жол жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүріп жатыр. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жол жөндеушілерге көліктердің кедергісіз жүруін барынша тезірек қамтамасыз етуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа асфальт қазір қала бағытында «Көгілдір тоғандар» аумағында салынуда. Құрылысшылар айдың соңына дейін Оңтүстік-Шығысқа қарай өтетін жолайырығына дейінгі бөлікті аяқтаймыз деп уәде берді.

«Қарқынды төмендетпеңіздер, жұмыс жоспарын орындау үшін әр күнді барынша пайдалану қажет. Техника және адамдармен қазір сіздерде проблема жоқ, сондықтан жұмыс істемеуге ешқандай себеп жоқ», – деді Жеңіс Қасымбек.

«Бүгінде «Сырдарияға» дейін жолдың бір жағында жұмыстар аяқталды, «Сырдарияға» дейінгі аралықты аяқтаймыз. Майқұдыққа барар жағында, М-14-ке дейінгі бөлшекте төменгі қабаттар бойынша жұмыстар аяқталды, қозғалыс ашық. Қазір сол жақ бөлігінде жұмыстар жүргізілуде», – деді Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автожолдар секторының меңгерушісі Нұржан Тасмағамбетов.

Күрделі жөндеумен қатар жарықтандыру тіректерін, жол қозғалысы белгілерін және бағдаршам объектілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Сантехникалық көшесінен Архитектурная көшесіне дейін және «Қазақтелеком» ғимаратынан Винницкая көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Біртіндеп тіректер орнатылып, басқа көшелер қосылуда.

Көгілдір тоғандардан Сантехникалық көшесіне дейінгі бөлікте су жиналатын жерлерде нөсер кәрізі орнатылды. 20 бағдаршам қарастырылған, оның 15-і орнатылды. Жолды 428 тірек пен 328 тротуар шамдары жарықтандырады. 16 шақырым жаяу жүргінші жолы абаттандырылады.

Жеңіс Қасымбек сонымен қатар 7-ші магистральді де тексерді. Оның басым бөлігі ашық. Қазір құрылысшылар НМК (ХМК) ауданында, соның ішінде жол өткелінде жұмыс істеп жатыр. Негіз дайындап, апта соңына дейін асфальттауға кіріседі. Жөндеуден кейін жол бес жолақты болады.


Соңғы жаңалықтар