Қарағанды облысының әкімі Украина елшісімен кездесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Қазақстандағы Украинаның Төтенше және Уәкілетті Елшісімен кездесті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Ерлан Қошанов пен Иван Кулеба түрлі салалардағы екіжақты әріптестіктің даму әлеуетін талқылады. Ерлан Қошанов  қонақтарға облыстың экономикалық мүмкіндіктері жайлы айта келе, өңірдің бірінші кезекте индустриалды ірі аймақ екенін атап өтті. Экономиканың негізін қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі мен машина құрайды.

«Біздің аймақтың өнімдері әлемнің 50 астам елдеріне экспортталады, оның ішінде Украинаға да. Қарағанды облысының Украинамен сыртқы нарық айналымының көлемі жыл басынан бері 84 миллион теңгені құрады. Біз әрі қарай да өзара тиімді сауда-экономикалық әріптестікті жалғастыруға және дамытуға мүдделіміз», - деп қосты Ерлан Қошанов. 

Бүгінгі таңда облыста украиндық капиталдың қатысуымен түрлі салаларда 255 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Иван Кулеба бірлесіп жүзеге асыруға болатын бизнес-жобалардың жаңа нұсқаларын ұсынды. Бұған қоса елші аймақ басшылығына құрметпен қарсы алғандары үшін алғысын білдірді. 

«Біз сіздерге қонаққа қуана келдік. Ең алдымен мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бұл жерде 45 мыңға жуық украиндықтар өмір сүріп жатқанын білемін. Біз көптеген адамдармен кездесеміз, олар ерекше жылылықпен Қазақстандағы өмірлерін еске алады. Және де оларға дәстүрлері мен мәдениетін сақтап қалуға мүмкіндік берілетіні біз үшін өте қуанышты жайт»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар