Қарағанды облысының әкімі өңірдің қысқы маусымға дайындығын тексерді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір орталығының алдағы қысқа дайындығын тексерді. Бүгінгі күні ауруханаларда, мектептерде, балабақшалар жылыту жүйесіне қосылған. Биылғы жылы жылу беру маусымы әдеттегіден ерте, 28 қыркүйекте басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек қаланың коммуналдық кәсіпорындарына барды. Өңір басшысы олардың аязды күндері жылу және су беруге дайындығын, сондай-ақ қала көшелерін қардан тазартуға әзірлігін тексерді.

Өңір басшысы ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те болды. Биыл екі кәсіпорынды жөндеуге 5 723,5 млн теңге жұмсалды. Оның ішінде төрт миллионы - негізгі жабдықтарды күрделі және кеңейтілген жөндеуге жұмсалды. Қалғандары қосалқы жабдықтар мен ғимараттарды ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінді. Екі жылу стансасы да қалалықтардың үйлеріне жылу таратады.

Жеңіс Қасымбек жылу желілеріндегі күрделі апаттар қаншалықты жиі болып тұратынын сұрады. «Қарағанды Энергоцентр» компаниясының бас директоры Андрей Ляпунов өткен қыста Оңтүстік-Шығыс аудандарының бірінде бір күрделі апат орын алғанын айтты. Осы уақыт ішінде апат жойылды. Биылғы жылы жылу желілері ауыстырылды, сондықтан бұл ауданда жылу беру іркілістері күтілмейді.

Облыс әкімі сондай-ақ «Қарағанды су» кәсіпорнында болды. Ол ауыз судың сапасын қадағалайтын мекеменің жабдықталуын, су тазарту құрылыстары мен зертханасын аралап қайтты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қаланы қардан тазарту мәселесі де қызықтырды. Жеңіс Қасымбек Қазыбек би ауданындағы көшелерді тазалауға жауап беретін «Тазалық эксперт» ЖШС жұмысымен танысты. Қыста кәсіпорын қызметкерлері көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазартатын болады. Мекеменің қарауында 173 бірлік техника бар, оның 15-і осы жылы сатып алынған. Алайда, қар қарқынды жауған кезеңдерде қаланы тазалауға қосымша, жалға алынған көліктер жұмылдырылады.

Кәсіпорында жұмысшыларға қажетті құрал-саймандардың қажетті мөлшерін, барлық қызметкерлер үшін қысқы униформаның жиынтығын, жолдарды себуге арналған 15 мың тонна құм-тұз қоспасын сатып алып, қыс мезгіліің алғашқы айларына қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Өңір басшысы сондай-ақ Университет көшесінен Приканальная көшесіне дейінгі құрылысшылар даңғылын қайта жаңарту барысын тексерді. Мұнда қиыршық-мастикалық асфальт бетоны төселді, қазір қоршаулар, гранит жиектері орнатылып, тротуарларға кеспе тас төселіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар