Қарағанды облысының әкімі Күнгейдегі проблемаларды біліп қайтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов инфрақұрылымның жоқтығына, жолдың нашарлығы мен қоғамдық көліктің жұмысына шағымданған Күнгей ықшамауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сәйкес, бұл шағынауданның проблемалары билікке бұрыннан белгілі. Бастапқыда аталмыш жеке сектор инженерлік жүйесіз салынған. Сондықтан жергілікті әкімдік мәселені біртіндеп шешуге ниетті. Күнгейді дамытудың үш кезеңді жоспары әзірленді.


Өңір басшысының айтуынша, бірінші кезекте сумен жабдықтау, электр желілері, кәріз жүйесі және жолдар мәселесі шешілуде. Мысалы, биыл 83 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Өткен жылы Күнгейде 4 шақырым асфальт төселді. Жол мәселесі 2020 жылы толығымен шешілмек.


Кездесуде өзге де проблемалы мәселелер атап өтілді. Мысалы, қоғамдық көліктің қозғалысына қатысты шағым айтылды. Жергілікті тұрғындар ескі автобусты ауыстыруды сұрады. Ал жүргізушілерге бағыттан жалтаруға жол бермеу үшін Ерлан Қошанов аялдамаларға бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.
Бүгінгі күні Кунгейде 3 мыңға жуық адам тұрады. Облыс әкімі шағынаудан бірте-бірте толығымен абаттандырылатынына сендірді. Барлық сұрақтардың шешілуін ол жеке бақылауға алды.



Соңғы жаңалықтар