+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Қарағанды облысының әкімі көктемгі су тасқынына дайындық жөнінде тапсырма берді

2020 жылғы 29 қаңтар 20:12
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының әкімі көктемгі су тасқынына дайындық жөнінде тапсырма берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы қалың қар көктемде су тасқыны қаупін ұлғайтуда. Су тасқынынан алдын ала сақтану үшін дайындықты қазір бастау туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысында аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек әкімдерге және барлық жауапты органдарға тапсырма берді, деп хабарлайда ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Даниал Ахметов: Тасқынның алдын алудың нақты жоспары бекітілді СҚО-да көктемгі су тасқынының қаупі мол Ақмола облысындағы 125 елді мекен су басу қауіпі бар аумақта орналасқан

Қарағанды облысында су тасқынының белсенді кезеңі наурыздың бірінші онкүндігінде басталады.

«Облыста «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. 2017-2019 жылдары жол картасының 71 іс-шарасының 69-ы іске асырылды, оның 13-і қорғаныс бөгетін салу бойынша, 54-і су өткізу құбырын орнату бойынша және 2-і Соқыр және Тоқырауын өзендерінің арналарын тазарту бойынша. Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналарын тазарту бойынша іс-шаралар табиғи ресурстар басқармасы биылғы жылдың жазғы - күзгі кезеңіне жоспарланған», - деп баяндады облыс ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Оның айтуынша, ТЖД мен «Қазгидрометтің» қызметкерлері Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің жоғарғы жағына қар өлшейтін бағыттар бойынша алғашқы рет айналып өтіп, бақылау жүргізілді. Мамандар топырақтың қату тереңдігін анықтады.

Биыл су айдындарында мұз жару үшін қаржыландыру ұлғайтылды, деп хабарлады ведомство басшысы.

«Қазгидромет» өңірлік филиалы басшылығының ақпараты бойынша, өткен жылы 8 гидробекет қосылды.

Облыста барлық 262 гидроқұрылыстар тексерілді. Өңірде 4 нысан иесіз қалған.

«Жол картасы аясында үш жыл ішінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 13 көпір мен 54 су өткізу құбыры жөнделді, оның ішінде 2019 жылы 4 көпір мен 16 су өткізу құбыры қалыпқа келтірілді. Енді 2 көпір мен 6 су өткізу құбырлары қалды. Өткен жылдың соңында Бұқар Жырау және Осакаровка аудандарында 4 апатты көпірді қайта қалпына келтіруге конкурс жарияланды», - деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Облыс әкімі алдын алу шараларын күшейтіп, алдағы қаңтар айындағы жоспарларға түзетулер енгізуді тапсырды.

«Барлық әкімдер су тасқынына дайындық бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлесін. Сіздерге бір апталық мерзім беремін. ТЖД қалалар мен аудандарда алынған ақпаратты ескере отырып, 2020 жылы халықты тасқын судан қорғау жөніндегі облыстық жоспарды бекітуге енгізсін. Мерзімі 15 ақпанға дейін. Екі аптадан кейін тағы да комиссия өткізіп, қауіп-қатерлер қайда барын егжей-тегжейлі қарастырамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысы сондай-ақ қарды уақытылы шығару, су қоймаларын дайындау және гидроқұрылыстардың жағдайын бақылау жөнінде тапсырма берді. Облыс әкімі биылғы жылы барлық иесіз ғимараттар бойынша мәселені шешуді талап етті.

«Су тасқынының өтуі көбінесе ауа райы жағдайына ғана емес, су объектілерінің дайындық дәрежесіне, мемлекеттік басқару органдарының үйлесімді жұмысына, азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарының және материалдық құралдар резервтерінің болуына, сондай-ақ халықтың дайындығына байланысты болады. Тасқынның белсенді кезеңі басталғанға дейін барлығын тағы бір мәрте пысықтау үшін кеңейтілген құрамда комиссияның тағы бір отырысын өткіземіз», - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету ерекше бақылауда болады, деп атап өтті аймақ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT