Қарағанды облысының әкімі қараусыз қалған барлық полигондар мен қоқыс тастайтын орындарды түгендеуді аяқтауды тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ басшысы Нұрмұхамед Әбдібековтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Шагурашид Мамалинов: «Облыста 2 мыңнан астам контейнер алаңы мен 7 мыңнан астам контейнер бар, соның ішінде 300-і - еуроконтейнерлер. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму жұмыстарымен 31 мамандандырылған ұйым, ал ауылдық аудандарда - шаруа қожалықтары айналысады. Арнайы техниканың жалпы саны 243 дананы құрайды», - деп ақпараттандырды ол.

Басқарма басшысының айтуынша, үкіметтік емес сектормен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлшектеп жинауды насихаттау бойынша жұмыс өткізіліп жатыр.

Кеңес соңында Н.Әбдібеков қала және аудан әкімдеріне қараусыз қалған барлық полигондар мен қоқыс тастайтын орындардың инвентаризациясын аяқтауды, барлық заңдастырылмаған полигондардың жобалық-рұқсат беру құжаттамасын жасап, алуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұған бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс. Бұдан басқа, қазіргі заңнамаға сәйкес, ҚТҚ полигондарының орналасу орнын таңдау, апатты қоқыс тастайтын орындардың пайда болуын болдырмау бойынша шаралар қолданылуын қамтамасыз ету қажет.

Соңғы жаңалықтар