Қарағанды облысының әкімі бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында азық-түлік тапшылығы жоқ, ЖЖМ қоры жеткілікті. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деп Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына

тапсырма берді.

Облыс тұрғындары азық-түлік, жанар-жағармай және автокөлікке арналған газ бағасын көтеру фактілері туралы Senim109 қызметіне хабарлай алады. Операторлар 109 қысқа нөмірі бойынша дүкендер мен жанармай құю бекеттерінің атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, өтініштерді қабылдайды. Қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалуға болады. Барлық шағымдар Құзыретті қызметтерге шара қолдану үшін жіберіледі. Өңірдегі ахуал, ТЖ режимі бойынша кез келген басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қабылданады.

Сондай-ақ кеңесте банктердің жұмысы бойынша жағдай туралы Ұлттық банктің Қарағанды

филиалының директоры Ғазиз Шегенов баяндады.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында қолма-қол ақшаны банкоматтар мен банк бөлімшелерінен алуға болады. Сондай-ақ, «Каспий» және «Халық» банктерінің мобильді

қосымшалары арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүргізіледі.

«Осы демалыс күндері екінші деңгейлі банктер отандық валютамен толықтырылды.

Банкоматтарға қолма-қол ақша жүктелді. Банктер бұрынғы жұмыс ырғағына оралады. Каспий банкі мен Халық банкінің мобильдік қосымшалары жұмыс істеп тұр», - деді филиал басшысы.


Соңғы жаңалықтар