Қарағанды облысының әкімдігінде жаңа тағайындау болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне Жүніспекова Әсем Айтжанқызы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Атап өтілгендей, Әсем Жүніспекова лауазымға іріктеу байқауы арқылы тағайындалды.

Ол 1974 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, мамандығы бойынша есепші-экономист, заңгер. 
Мемлекеттік қызметте 1996 жылдан бері еңбек етіп келеді. 
1996-2006 жылдар аралығында Бұқар жырау ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде қатардағы маман, бөлім басшысы болған.

2006 жылдан 2010 жылға дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарды.

2010 жылдан осы қызметке тағайындалғанша Абай ауданы әкімінің әлеуметтік салалар мәселері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

 

Соңғы жаңалықтар