Қарағанды облысының аграршылары арзандатылған дизель отынымен және тыңайтқыштармен қамтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 10 мамырдан бастап Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде. Аграршылар тұқыммен, арзандатылған дизель отынымен, минералды тыңайтқыштармен және пестицидтермен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында ауа райы көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде бастауға мүмкіндік берді. Бұл 2021 жылғы деңгейден 45 мың гектарға жоғары, жоспардан дәнді дақылдардың 35%-дан астамы, картоптың 50%-дан астамы және көкөністердің 20%-ы егілді.

«Биыл минералды тыңайтқыштарды пайдалану алаңының үлес салмағын 40%-ға дейін арттырамыз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 20 мың тонна тыңайтқыш тиелді. Осы бағытта субсидия төлеу басталды. Сондай-ақ пестицидтер бойынша 2 млрд теңгеден астам субсидия жоспарланған.

Қолайлы ауа райы жағдайында Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарын 28 мамырда аяқтау жоспарлануда», – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров.


Соңғы жаңалықтар