Қарағанды облысының Абай ауданында кезекте тұрған үш отбасы баспаналы болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Абай ауданының Южный кентінде мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға кезекте тұрған үш отбасы пәтер алды. Жаңа қоныстанушыларға кілті жергілікті әкім Исламбек Жұмәлдінов табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл үш отбасы «көп балалы отбасылар», «толық емес отбасылар» және «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға кезекте тұрды. Оларға екі қабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер берілді. Бұл пәтерлер биыл бюджет қаражаты есебінен жөндеуден өтті. Пәтер кілттері табыс етілген үш отбасы жаңа баспанасына қоныстанды», – деді Исламбек Жұмәлдінов.

Гүлбағираш Омарова 2008 жылы жұбайымен және балаларымен бірге Южный кентіне көшіп келген. Сол кезден осы күнге дейін отбасы пәтер жалдап тұрды. Отанасы мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға үш жыл бұрын кезекке тұрған. Сондықтан осындай қысқа мерзімде баспаналы болам деп үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтады.

«Бұл біз үшін өте қуанышты және күтпеген оқиға. Өткен жылы мен күйеуімнен айрылдым, балаларыммен жалғыз өзім пәтер жалдап тұру қиын болды. Ең кіші балам жеті жаста. Біздің жаңа пәтерімізге бәрінен де ерекше сол қуанып жүр», – деді Гүлбағираш Омарова.


Соңғы жаңалықтар