Қарағанды облысының 5 мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттен қолдау алады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының 5 мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттен қолдау алады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаңа өндірістік тауашаларды ашу үшін, оның ішінде»Кәсіпкер«кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы есебінен жағдай жасаймыз. Ірі компаниялардың қолдауымен 38 кәсіпорын шоғырланған.»Қарапайым заттар экономикасы«бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында төрт жоба іске асырылды. Олар өз өнімдерімен облыстың медициналық, білім беру және басқа да ұйымдарын қамтамасыз етеді», - деді Қарағанды облысының әкіміОрталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына өз ісін ашуға 200-ге жуық грант бөлінді. Жас кәсіпкерлер 2,5 пайызбен 600 грант пен 324 жеңілдікті шағын несие алады.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмысқа орналастыру жобаларының тізбесі кеңейтілуде. Осының арқасында 700 адам жұмыспен қамтылады.


Соңғы жаңалықтар