Қарағанды облысындағы жол-көлік апатында шетелдік үш азамат қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» күре жолында жол-көлік апаты болып, салдарынан шетелдік үш азамат қаза тапты. Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«16 наурызда «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» күре жолында, Спасск кентінен 5 шақырым жерде «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі, Қырғыз Республикасының 39 жастағы азаматы алдын ала мәліметтер бойынша, көктайғақта көлікті басқара алмай, жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, «DAF» жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, Өзбекстан Республикасының 57 жастағы азаматтары алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Жеңіл көліктің тағы екі жолаушысы, Өзбекстан азаматтары ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар