Қарағанды облысындағы ЖЭС-терде температура күніне екі рет тексеріледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы жылу электр стансаларындағы температура режімі күніне екі рет тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Температура режімі, қазандықтардың жұмысы, отын қоры туралы деректер атқарушы органдарға күн сайын 08.00 және 16.00-де жіберіледі. Егер энергетика және ТКШ басқармасының мамандары белгіленген нормадан ауытқушылықты байқаса, шұғыл түрде қызмет көрсетушімен байланысып, осы мәселені бірге шешеді.null 

«Саран қаласына үнемі құлақ түре жүреміз. Өйткені ондағы 22 қазандықтың барлығы жекенің қолында. Былтыр 30 градус аяз болғанда тұрғындар шағымданған. Сол шағымдарды ескере отырып, биыл тағы да қайталанбас үшін қазандық иелерін 50 тоннаға дейін сапалы көмір сатып алуға міндеттедік», - дейді энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Өскенов.

2017-2019 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, Ақтау, Ақадыр және Шахан қалаларындағы тұрғын үйлердің жертөлесіндегі 30 қазандық бөлек ғимаратқа шығарылады. Ал Сарандағы 117 үйге шақталған орталық қазандықтың құрылысына қажетті жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы да шығып үлгерген. Құны 2 млрд теңгеден асатын жоба 2019 жылы қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.

Жалпы, Қарағанды облысында 8 ЖЭС, 67 қазандық және 700 АЖЖ бар. Олардың барлығы жылу маусымының алдында дайын тұр деген паспорт алған. Қазір олар белгіленген жылу режімімен қалыпты жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар