Қарағанды облысындағы жазасын өтеушілер көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – АК-159/11 мекемесінде жазасын өтен жатқандар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аналарды құттықтап, қателіктері үшін кешірім сұрады.

Сондай-ақ, көпбалалы аналарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бейнеролик дайындады, онда АК-159/11 сотталғандар аналары мен әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап, шын жүректен ақ тілектерін білдіріп, осы күні олардың қасында бола алмайтындары үшін кешірім сұрады.

Аналарды бейнебайланыс арқылы құттықтаған сотталғандардың көпшілігі бас бостандығынан айыру орындарында он жылға жуық отырғандар.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында АК-159/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан көпбалалы аналарды АК 159/5, АК 159/6, АК 159/7, АК 159/11, АК 159/17, АК 159/18 мекемелеріндегі сотталған ер адамдар құттықтады.

Бұл күні сотталғандар өз қолдарымен қобдишалар, ағаш мүсіншелер, ашық хаттар мен суреттер секілді сыйлықтар жасады. Көпбалалы аналар осындай ілтипат білдіргендері үшін ерлер қауымына ризашылығын білдірді. Мұның бәрі олар үшін қуанышты жаңалық болды.

Сондай-ақ, 8 наурыз күні нәзік жандарды АК-159/9 мекемесі бастығының орынбасары құттықтады

«Мен барлық әйелдерге көктемгі көңіл-күй, бақытты өмір, махаббат, сұлулық, өмір қуанышын, туыстар мен достардың назары мен қамқорлығына бөленуді тілеймін. Бұл күн барлық нәзік жандарға жақсы көңіл-күй мен қуанышты күлкі сыйласын», - деп қорытындылады әділет полковнигі Сламбек Тұрсынханов.

АК-159/9 мекемесінің әкімшілігі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін ерекше қамқорлықпен және ықыласпен атап өтеді, радиорубка арқылы музыкалық сүйемелдеуден басқа, 8 наурызда мекемеде үй атмосферасын құру үшін мерекелік түскі ас дайындалады.


Соңғы жаңалықтар