Қарағанды облысындағы үш ауылдың көшелеріне жарық шамдары орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының үш елді мекеніндегі көшелерге жаңа жарық шамдары орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ауылда жуырда ғана көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындар түнде де жарық көшемен жүреді. Ауыл тұрғындары осы мәселенің оң шешімін тапқанына дән риза», - дейді Семіз бұғы кентінің тұрғыны Арман Абдуллин.

Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Сатаевтың айтуынша, көшелерге жарық шамдары ауыл тұрғындарының сұранысымен қойылған.

Бұған аудан бюджетінен 5 миллион теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Бұқар жырау, Шалқар, Семіз бұғы ауылдарында жалпы 500-ге жуық тұрғын бар. Ауылдардың әрбірінде бірнеше ондаған тұрғын үй қалған. Елді мекендер аудан орталығы - Ботақара кентінен шығысқа қарай шамамен 80 км қашықтықта орналасқан.

Соңғы жаңалықтар