Қарағанды облысындағы ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 250 мың теңгеден сыйақы берілмек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 250 мың теңге көлеміндегі бір реттік сыйақы беріледі, деп хабарлады өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Соғыс ардагерлеріне 250 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмек төленеді, концлагерь тұтқындары, блокадашылар, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері 100 мың теңгеден алады, соғыс жылдарында марапатталған тыл еңбеккерлері, қайтыс болған мүгедектердің (қатысушылар) әйелдеріне 75 мың теңгеден беріледі, соғыс жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғаларға 35 мың теңгеден төленеді», - деп жауап берді Н.Әбдібеков «электронды үкіметтің» веб-порталындағы ғаламтор мәслихатының барысында келіп түскен сұрақтардың біріне.

Ол аймақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне дайындалу және оны өткізудің облыстық шаралар жоспары жасалғанын атап өтті. Оған қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шаралар, сондай-ақ ардагерлерді әлеуметтік қорғау шаралары кіреді. «Облысымызда тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері өмір бойына коммуналдық қызмет көрсету төлемдерінен босатылды. Олар сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікпен, халықаралық, ішкі, облыстық бағыттарда тегін жол жүру құқығына ие», - деп нақтылады облыс әкімі. Оның ақпаратынша, ардагерлер сондай-ақ Қарағандыдан Жезқазған және Балқаш қалаларына ұшақпен тегін ұша алады. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне 20 наурызға дейін мұқтаж ардагерлерге тұрғын үй ұсыну мәселелерін шешу тапсырылған. «Барлық шаралар қазақстандық патриотизмді екінші дүниежүзілік соғысты мысалға алып қалыптастыру, аға буынға, олардың ерліктеріне құрметпеу қарау рухында өткізіледі», - деп атап өтті Н.Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар