+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қарағанды облысындағы тігін фабрикасы ерекше маскалар тігуде

2020 жылғы 25 наурыз 03:21
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысындағы тігін фабрикасы ерекше маскалар тігуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы Абай қаласының тігіншілері «Кет, COVID-19!», «Деніміз сау болсын!» және басқа да ерекше жазулары бар маскалар тігуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қиын кезеңде өз-өзімізді сабырға келтіріп, оптимизмді сақтау өте маңызды. Абай тігін фабрикасының шеберлері жетекшілері Ирина Малюкпен бірге осындай ұстанымда.

Кәсіпорынның барлық тігіншілері үйде отырмай, көп рет қолданылатын маскалар дайындауда. Ол үшін дәке, шыт немесе бөз матасын - бір сөзбен айтқанда, 100% мақта матасын қолданады. Бұл маскаларды жууға және үтіктеуге болады.

«Біздің тапсырыс берушілеріміз - зауыттар, құрылыс компаниялары, наубайханалар, медициналық мекемелер, облыс тұрғындары. Бетперделерді негізгі тапсырыстармен қатар дайындаймыз, сондықтан олардың саны аз - күніне 2 мың данадан 4 мыңға дейін ғана», - дейді Ирина Малюк.

Өз-өздерінің және басқалардың көңіл-күйін көтеру үшін фабрикада ақ немесе қара маска ғана емес, көңілді аппликациялар, кесте, позитивті жазулар тіге бастаған.

«Адамдар қайырымды, сабырлы және жақсы көңіл-күйде болуы үшін еңбек етіп жатырмыз», - дейді тігіншілер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT