Қарағанды облысындағы тасжол қалың тұманға байланысты ішінара жабылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қалың тұманға байланысты республикалық маңыздағы тасжол ішінара жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
«Қарағанды өңірінде қалың тұман мен жол бойындағы көрінудің нашарлауына байланысты «Екатеринбург - Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жол аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар