Қарағанды облысындағы өрттен әйел көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаровка ауданында үй өртеніп, 55 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының Осакаровка кентінде 25 сәуір күні сағат 03:53 шамасында өрт сөндіру қызметіне жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы 130 шаршы метр аумақ өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау сағат 06.30 кезінде сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Оқиға орнынан 1964 жылғы әйелдің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымының тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар