Қарағанды облысындағы колониясындағылар шанамен жарысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қысқы спорттық жарыстар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК-159/11 мекемесінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.


Түзету мекемесінде қысқы спорт шараларын өткізу дәстүрге айналған. Сотталғандар жарысқа қажетті жабдықты өздері жасаған. Жарысқа барлығы 20 адам қатысты. Олар бір бағытта 60 метр жүріп, шанадағы адаммен ауысқаннан кейін осы қашықты кері бағытта өтті.

Ең аз уақыт ішінде бірінші қашықтықты еңсерген команда жеңіске жетеді. «Шанамен сырғанау пайдалы, таза ауа, физикалық белсенділік тек жақсы әсер етеді. Қатысушылар мен жанкүйерлер күш-қуат алып қана қоймай, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды», - деді АК-159/11 мекемесі бастығының орынбасары Ерлан Тоқанов.


Соңғы жаңалықтар