Қарағанды облысындағы кен орнында үйіндінің астында қалған жұмысшы қаза болды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақжал кентінде 23 жастағы жұмысшы кен үйіндісінің астында қалып, қазас болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға «Nova Цинк» ЖШС кен орнында болған. 1999 жылы туған жігіт кен үйіндісінің астында қалып қойған.

«Биылғы 25 қаңтарда кенді итермелеу бойынша жұмыс жүргізу барысында қабылдау бункерінде 1999 жылы туған жұмыскер қайтыс болды», - деп хабарлады өндіріс орнынан.

Марқұмның туған-туыстарына кәсіпорын басшылығы жерлеу рәсіміне көмек көрсететінін айтты.

Қайтыс болған жұмыскер үйленбеген.


Фото: Getty Images
Соңғы жаңалықтар