Қарағанды облысындағы кәсіпорында шетелдік қызметкерлермен қақтығыс болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жәйрем кентіндегі жағдайды реттеу үшін тұрғындармен және жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 тамызда Жәйрем тау-байыту комбинатының жұмысшылары арасында қақтығыс болған. Бірнеше шетелдік қызметкер жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде өңір басшысы жергілікті тұрғындармен және жұмысшылармен кездесті.

Кездесу нәтижесінде жағдай тұрақталды. Кенттегі жағдайды облыс әкімі жіті бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар