+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Инспектор Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

2019 жылғы 21 қаңтар 11:29
Бөлісіңіз:
Инспектор Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы инспектор Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде болған еді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді.

Ал кейін бұл істі ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров тікелей бақылауына алғанын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT