Қарағанды облысындағы екі елді мекенде қарасанға байланысты карантин енгізілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ірі қарадан қарасан ауруының анықталуына байланысты Қарағанды облысындағы екі елді мекенде карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Қызылтау және Ақбауыр елді мекендерінде қарасан ауруы белгісімен ірі қара мал өлген. Осыған орай, 11 маусымда мамандар қарасан ауруын анықтау мақсатында сынама алды. Қорытынды бойынша екі сынамадан қарасан ауруы расталды. Осының негізінде екі елді мекеннің аумағында карантиндік шаралар енгізілсін», - делінген селолық округ әкімі шығарған қаулыда.

Карантин шаралары нақты белгіленбеген мерзімге енгізілген.

Еске салсақ, сәуір айында Бурабайға демалуға келе жатқан түркістандықтан түйнеме табылған еді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының тұрғынынан түйнеме белгілері байқалды.


Соңғы жаңалықтар