Қарағанды облысындағы демографиялық ахуал

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл бес айдың ішінде Қарағанды облысында жаңа туған сәбилер саны 39 адамға артқан. Сондай-ақ, қайтыс болғандар саны былтырғымен салыстырғанда 1,5 процентке өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың бес айында АХАТ органы 9163 жаңа туған сәбиді тіркеген. Соның ішінде 7399 нәресте  - қалалық жерде және 1764 сәби - ауылдық жерде дүниеге келген. Сәбилердің арасында ұлдардың үлесі 52,8 процентті құраса, қыздар - 47,2 процент. Яғни, әр 100 қыз балаға  111,7 ұлдан келіп отыр», - деп жауап берді Қарағанды облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Сәуле Комутова агенттіктің жолдаған сауалына.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 5 айында Қарағанды облысында қайтыс болғандар саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5%-ға артып, 5881 адам болған.

Ведомствода атап өткендей, қайтыс болудың жалпы коэффициенті былтырғымен салыстырғанда 0,6 процентке өсіп, 1000 адамға шаққанда 16,05 құраған. 

Соңғы жаңалықтар