Қарағанды облысындағы ауылда нөсер салдарынан 20-дан астам аула мен үй зардап шекті

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Оскаров ауданының әкімі су басқан аулалар мен үйлердің санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осакаров ауданының әкімі Нүркен Көбжанов өзінің Facebook-тегі парақшасында Қаратомар ауылдық округінің Сенокосное ауылын аралау нәтижелері туралы хабарлады. Аудан басшысының айтуынша, зардап шеккендер мен мал өлімі жоқ.

«Сағат 15.00-ден 15.30-ға дейін нөсер жаңбыр жауып,12 аула мен 9 үйді су басты. Су үйлердің ішінде 20 сантиметрге дейін көтерілді. Оқиғаға су ағатын арықтардан судың шығуы себеп болды. Жергілікті жерде ЖАО, ТЖБ, полиция жұмыс істеп жатыр. Су кетіп, жертөлелерден су сорылып жатыр. Комиссия қорытындысынан кейін халыққа қажетті көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер жоқ, мал өлімі тіркелген жоқ. Мәселе бақылауда. Халықпен жедел кездесу өткізілді», - деп жазады аудан әкімі Нүркен Көбжанов.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары нөсерден кейін аулаларды су басу туралы бейне жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар