Қарағанды облысындағы апатты үйді Жаңа жылға дейін қалпына келтіруге уәде берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы, Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов Ақжал ауылындағы көпқабатты апаттық үйді қалпына келтіру жұмыстары жайлы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бюджетте жөндеу жұмыстарына ақша қарастырылмаған. Ең алдымен жертөле құрылымын нығайту керек. Біз Ақжал ауылындағы «Nova - Цинк» кәсіпорнының басшылығынан көмек сұрадық. Келісімшарт бойынша облыстық бюджетке жылына 50 млн. теңге аударады. Біз осы қаржыларды апаттық үйдің қалпына келтіру жұмыстарына жұмсау туралы мәселені көтердік», - деді М. Жандаулетов өңірлік Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, бұл мәселенің оң шешімі табылған, алайда қаражат 2017 жылдың қаңтар айында аударылады. Мердігер жұмыстарды қарызға жасауға келіскен. «Әзірге жертөлені қалпына келтірудеміз. ТЖ жарияланып, алғашында резервтік қордан 17 млн. теңге бөлінген. Барлық жөндеу жұмыстарын мердігерлер өз қаржысы есебінен жүргізеді. Қазіргі таңда 6 кіреберістің бесеуі жөнделген, тек біреуі қалып тұр. 25 желтоқсанға дейін жұмыстарды аяқтап, Жаңа жылда тұрғындарға үйлерін тапсырамыз», - деп түсіндіріп өтті аудан басшысы.

Еске сала кетейік, Шет ауданының Ақжал ауылында қазан айында 300-ден астам адам тұратын апаттық жағдайдағы үй мәселесін тездетіп шешуді қолға алған еді. Сарапшылар бұл үйде адамдардың болуы қауіпті екендігін растаған. Сол себепті ТЖ жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар